136 БАЛЛ – ТАБАНДЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ!

    ·
    136 БАЛЛ – ТАБАНДЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ!
    Батыс Қазақстан облысының тағы бір түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, өңір білімінің қоржынына кезекті жетістік қосты.
    Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 «Е» сынып түлегі Асылбек Айназ ҰБТ-дан 136 балл жинады.
    Айназ оқу жылдары білімге деген құштарлығымен, жауапкершілігімен және алға қойған мақсатына табандылықпен ұмтылатын қасиетімен ерекшеленді. Бұл жетістік – шәкірттің өз еңбегімен қатар, ұстаздарының кәсіби қолдауы мен ата-анасының сенімінің ортақ жемісі.
    Асылбек Айназды жарқын жетістігімен құттықтай отырып, алдағы өмір жолында жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары