Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!

    Бұған дейін техникалық қателікке байланысты жеке тұлғалардың бір бөлігінде мүлік салығының сомалары дұрыс есептелмегені хабарланған болатын.

    Бүгінгі күнге, 2026 жылғы 9 шілдеге есептеулерді түзету толығымен аяқталды. Салық төлеушілердің жеке шоттарындағы мәліметтер дұрыс көрсетілуде.

    Азаматтар мүлік салығын әдеттегі тәртіппен, өздеріне ыңғайлы тәсілмен төлей алады (банктердің мобильді қосымшалары, интернет-банкинг, төлем терминалдары немесе банк бөлімшелері арқылы).

    Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары