Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жаңаөзен қаласында профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері есептегі азаматтардың тұрмыс жағдайымен танысып, белгіленген талаптар мен заңнама талаптарының сақталуын бақылап, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай тексерулердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың заң талаптарын сақтауына ықпал ету және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Заң талаптарын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









