Жарқайың аудандық мәслихатының жария тыңдауы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жарқайың аудандық мәслихатының жария тыңдауы өтті



    Бүгін Жарқайың аудандық мәслихатында жария тыңдау өтті.

    Жария тыңдауды аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі Раимбек Сұлтанхамитұлы Мұқанов ашып, жүргізді. Іс-шараға Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Арай Әбенова қатысты.

    Тыңдау барысында Ушкарасу ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын жекешелендіру және Державинск қаласындағы тарихи-өлкетану музейі ғимаратын жекешелендіру мәселелері қаралды.

    Талқылау қорытындысы бойынша Ушкарасу ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын және Державинск қаласындағы тарихи-өлкетану музейі ғимаратын жекешелендіруді мақұлдау туралы қаулы қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары