Жедел жәрдем көлігінде жаңа өмірдің бастауы

    Жедел жәрдем көлігінде жаңа өмірдің бастауы

    Астана күні жедел медициналық жәрдем бригадасы – фельдшерлер Зейнұлла Олжас, Көркем Ашмұрат және жүргізуші Әлібек Шалғынбаев жаңа өмірдің дүниеге келуіне себепкер болды.

    Жүкті әйелді перинаталдық орталыққа жеткізу кезінде толғағы басталып, жедел жәрдем көлігінің ішінде ұл бала дүниеге келді. Бригаданың кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында босану сәтті өтті.

    Қазіргі уақытта анасы мен сәби перзентханада. Жағдайлары жақсы, өздерін жақсы сезінеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары