Павлодар облысында өткен онлайн-вебинар еліміздің бірнеше өңірінің мамандарын біріктірді

    Павлодар облысында өткен онлайн-вебинар еліміздің бірнеше өңірінің мамандарын біріктірді

    Павлодар облысы білім басқармасының «Жас ұрпақ» КМҚК ұйымдастырған «Тәрбиеленушілердің жеке және азаматтық қасиеттерін қалыптастыру: педагог-психологтың, әлеуметтік педагог пен тәрбиешінің кәсіби үлесі» тақырыбындағы онлайн-вебинар еліміздің бірнеше өңірінен келген мамандардың басын қосты.
    Іс-шараға интернаттық ұйымдар мен жасөспірімдер үйлерінің басшылары, олардың орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар және тәрбиешілер қатысып, тәрбиеленушілерді жан-жақты қолдау мен әлеуметтендірудің өзекті мәселелерін талқылады. Қостанай, Өскемен және Петропавл қалаларынан қосылған әріптестер өңіраралық тәжірибе алмасудың маңызын арттыра түсті.
    Вебинар қорытындысында қатысушылар интерактивті форматта өз пікірлерімен бөлісіп, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және тиімді тәжірибелерді кеңінен таратуға дайын екендіктерін білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары