
Ата Заң – Тәуелсіз Қазақстанның берік тұғыры, ел бірлігі мен тұрақты дамуының басты кепілі.
Бүгін Конституцияның күшіне енген күніне орай Қарағанды облысының жастарының қатысуымен патриоттық флешмоб өтті. Іс-шара барысында жастар Конституция кітабының бейнесін құрап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде жайды.
Бұл бастама Ата Заңға деген құрметтің, елге деген сүйіспеншілік пен ортақ құндылықтарға адалдықтың белгісі болды.
Конституция – әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ғана емес, мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігін айқындайтын негізгі құжат. Сондықтан Ата Заң қағидаттарын құрметтеу – құқықтық мәдениеттің маңызды көрінісі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын дәріптеу, заң үстемдігі қағидаттарын насихаттау және жастардың азаматтық жауапкершілік құндылықтарына назар аудару.
Бүгінгі жас буын – елдің ертеңі.







