
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Еңбекші ауылдық округінің ведомствоаралық мобильді топтың жұмысы тұрақты негізде жүргізілуде.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Мобильді топ құрамына ауыл әкімдігі, полиция бөлімі, ақсақалдар алқасының төрағасы, сонымен қатар округке қарасты мекеме басшылары кіреді.
Рейдтік іс-шаралар барысында абаттандыру қағидаларының сақталуы, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығы, тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу фактілері, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы және қоғамдық тәртіптің сақталуы бақылауға алынады.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, табиғатты қорғау, заң талаптарын сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау жөнінде ақпараттық жадынамалар таратылады.
Округ тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады







