Заманауи барлау технологиялар енгізу және жеке инвестиция тарту үшін ашық әрі қолайлы жағдай жасау қажет: Олжас Бектенов геологиялық барлау ісін дамыту бойынша тапсырма берді

    ·
    Заманауи барлау технологиялар енгізу және жеке инвестиция тарту үшін ашық әрі қолайлы жағдай жасау қажет: Олжас Бектенов геологиялық барлау ісін дамыту бойынша тапсырма берді

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында тұрғындар, энергетика және өнеркәсіп тарапынан өсіп келе жатқан сұранысын ескере отырып, газ саласының шикізаттық негізін нығайту қажеттігін атап өтті. Бұл жұмыста перспективалы жаңа барлау алаңдарына, заманауи барлау технологияларына және жеке капитал тартуға ерекше көңіл бөлінеді.

    «Геологиялық барлау жұмыстарын дамыту да – маңызды бағыттардың бірі. Бұл газ саласының ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
    Энергетика министрлігі “ҚазМұнайГаз” компаниясымен бірлесіп, жаңа перспективалы учаскелерді геологиялық зерттеуге тартуды жеделдетуі керек. Бұған қоса, заманауи барлау технологияларын белсенді түрде енгізіп, жеке инвестиция тарту үшін ашық әрі қолайлы жағдай жасау қажет»,


    — деп атап өтті Премьер-министр.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары