
Бұл - жастарға мамандық меңгеруге және тәжірибелік дағдыларды игеруге көмектесетін педагогтар, өндірістік оқыту шеберлері мен тәлімгерлердің кәсіби мерекесі.
Колледждер мен техникум түлектері кәсіпорындардың еңбек ұжымын толықтырып, өнеркәсіп, құрылыс, IT және ел экономикасының дамуы үшін маңызды басқа да салаларда еңбек етіп жүр.








