ТҰРҒЫНДАРМЕН ДИАЛОГ: ӘРБІР ӨТІНІШ МАҢЫЗДЫ!

    1 / 3

    Тұрғындарды толғандырған мәселелер формалды жауапты емес, мұқият қарауды, сындарлы диалог пен нақты шешімдерді талап етеді.
    Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, қажетті түсініктемелер берді.

    Атап айтқанда, Ақмол ауылының тұрғыны тұрғын үй бағдарламасына қатысу және тиісті құжаттарды рәсімдеу мәселесі бойынша өтініш білдірді.
    Аудан әкімі өтініш иесін мұқият тыңдап, мәселені шешу тәртібін түсіндірді және қолданыстағы заңнама аясында одан әрі атқарылатын іс-қимыл жолдарын белгіледі.

    Жергілікті атқарушы орган үшін тұрғындарды тыңдау ғана емес, олардың мәселелерінің мән-жайына терең үңіліп, қолданыстағы қолдау тетіктерін түсіндіру және өз құзыреті шегінде шешімін табуға ықпал ету маңызды.

    Жеке қабылдау – әрбір тұрғынның өз мәселесін тікелей жеткізіп, қажетті түсініктеме алуға және оны шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік беретін ашық диалог алаңы.

    Әрбір өтініштің артында нақты адамның өмірлік жағдайы, үміті мен күткені тұр. Сондықтан әрбір мәселеге мұқият қарап, құрметпен және жауапкершілікпен қарау – біздің басты міндетіміз.
    📌 Целиноград ауданы әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылу арқылы қатысуға болады.
    ☎️ Жазылу телефоны: 8 (71651) 30-509.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Целиноград ауданының әкімдігі" жаңалықтары