Заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстары жалғасуда

    ·

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қызылорда облысыныңпрокуратурасы уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс тобынқұрып, бірқатарауқымдыжұмыстар атқаруда.

    Ведомствоаралық мәжілістер өткізіліп, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Жұмыс тобымен облысаумағында заңсыз тұрмыстық қалдықтар орналастырылған орындар анықталды.

    Уәкілетті органдарға тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар беріліп, анықталған заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары ұйымдастырылды.

    Бүгінгі күнге атқарылған жұмыстар нәтижесінде83заңсыз қоқыс орындар анықталып, олардың бәрі санитариялық талаптарға сәйкестендірілді.

    Арнайы полигондарға 700 тоннадан астам қалдық шығарылды.

    Экологиялық заңнама талаптарын бұзып, қоршаған ортаны ластауға жол берген590азаматәкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Жұмысшы топпен проблемалық учаскелер бекітіліп, ол аймақтарға бейнебақылау камералары мен арнайы ескерту белгілерін орнату жұмыстары қолға алынды.

    Азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарап, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға және туған өлкенің тазалығын сақтауға шақырамыз.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары