
«Science Quest» бекеті ғылым әлеміне қызығушылықты арттыруға және оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік зертхана қызметін атқарды.
Бұл алаңда қатысушылар химия, биология және жаратылыстану ғылымдарына қатысты тәжірибелер жүргізіп, ғылыми гипотезалар құрып, бақылау және талдау жұмыстарын орындады. Түрлі ғылыми тапсырмалар арқылы заттардың қасиеттерін анықтау, тәжірибе нәтижелерін түсіндіру және ғылыми қорытынды жасау жұмыстары жүзеге асырылды.
Бекет оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырып, ғылыми ойлау жүйесін дамытуға, жаңашылдыққа ұмтылуға және STEM бағытындағы білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.









