Open Air концертінен кейін Астанада 60 қосымша автобус қатынайды

    Open Air концертінен кейін Астанада 60 қосымша автобус қатынайды

    Елордада 6 шілде күні «Астана Арена» стадионында Open Air концерті өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін іс-шара аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Қосымша 60 автобус желіге шығарылып, келесі бағыттардағы автобустар саны артады:
    Қала орталығы бағытында:
    №10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67 және №501.

    Әуежай бағытында:
    №10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67, №302, №303, №308, №309 және №501.

    Жол ақысы қолданыстағы қалалық тариф бойынша төленеді. Жеңілдікпен және мектепке арналған жол жүру карталары бұрынғыдай қолданыла береді.
    Жолаушылар легі көбейетіндіктен, жол жүру жоспарын алдын ала құрған жөн.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары