Бассейндерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

    ·
    Бассейндерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

    Бассейндерді тұрғын ғимараттарда орналастырған кезде қабатаралық жабындарды будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулау қамтамасыз етіледі.

    Бассейндері бар аквапарктер шет орналасқан тұрғын аумағында, саябақтық немесе рекреациялық аймақта орналастырылады.

    Бассейн үй-жайларының құрамына: ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар кіреді

    Бассейн үй-жайларының ішин жоспарлау келушілердің жүріп-тұруы үшін маңызды. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және орындықтармен жабдықталады. Бассейннің үй-жайларын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, егер қажет болса, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, жатақтарды, дөңгелектерді дезинфекциялау жүзеге асырылады.

    Жеке гигиена қағидаларын сақтауды бақылау бассейн әкімшілігі қамтамасыз етеді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары