Балалардың иммунитетін нығайту туралы не білу қажет?

    Балалардың иммунитетін нығайту туралы не білу қажет?

    Мектеп – бұл бала үшін физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да үлкен жүктеме. Мектепте балалар үнемі бір-бірімен қарым-қатынаста болады, бұл бір баладан екіншісіне түрлі аурулардың жұғу қаупін тудырады. Бұған қарсы тұруға иммунитет көмектеседі, бірақ барлық балалардың иммунитеті жеткілікті түрде дамыған емес. Аурудың алдын алу үшін мына ережелерді сақтау қажет:

    1. Ұйқы режимі – көптеген балалар ерте жатуды ұнатпай, көбірек серуендеуді немесе компьютерде ойнауды жөн көреді. Осының салдарынан көптеген балаларда ұйқының жетіспеушілігі пайда болады, бұл олардың иммунитетіне де, оқу қабілетіне де теріс әсер етеді. Мектеп жасындағы балаға шамамен 8 сағат ұйықтау қажет.
    2. Дұрыс тамақтану – кез келген жаста пайдалы, әсіресе бала үшін бұл ерекше маңызды. Баланың рационы теңгерімді болуы тиіс, ал зиянды, бірақ дәмді өнімдердің мөлшері барынша аз болуы керек.
    3. Витамин кешендері – витамин кешендерін қабылдау маңызды. Иммунитеттің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі – ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігі. Оларды тағамнан алуға болады, бірақ жыл мезгілдерінің ауысуы рационның және ондағы витаминдер мөлшерінің өзгеруіне әкеледі. Бұл мәселені шешуге әртүрлі витамин кешендері көмектеседі.
    4. Психологиялық жағдай – психикалық жүктемені азайту қажет, психикадағы кез келген жүктеме денсаулыққа әсер етеді.
    5. Таза ауада серуендеу – таза ауада көбірек серуендеуге кеңес береміз, өйткені серуендеу – бала өмірінің ажырамас бөлігі. Адамдарға толы үй-жайларда ауада иммунитет төтеп бере алмайтын көптеген ауру тудыратын бактериялар жиналады. Сондай-ақ ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаған жөн.
    6. Ішу режимі – мектеп жасындағы балаға тәулігіне 1,5–2 литр таза су қажет. Түрлі сусындар, тіпті пайдалы болып саналатындары да ағзаның суға деген қажеттілігін толық өтей алмайды. Таңертең таңғы астың алдында және кешке ұйықтар алдында бір стақан су ішу өте маңызды.
    7. Шынығу – ерте заманнан бері жақсы иммунитеттің синонимі болып саналады. Контрасты душ қабылдау кезіндегі температураның күрт өзгеруі иммунитетті белсендіреді және ағзаны сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді етеді.

    Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқу жылында оқушылардың иммунитетін нығайту және ауырмау үшін осы ережелерді сақтауға кеңес береді!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары