Дүниежүзілік құтыру індетіне қарсы күрес күні

    Дүниежүзілік құтыру індетіне қарсы күрес күні

    28 қыркүйек - Бүкіләлемдік құтыруға қарсы күрес Альянсының бастамасымен «Дүниежүзілік құтыру індетіне қарсы күрес күні» болып бекітілуіне байланысты Жамбыл облысының Тараз қаласы мен барлық аудандарында 2026 жылдың 28 қыркүйегінде «Құтырудан сақтану және алдын алу» тақырыбында акция ұйымдастырылып өткізілсіндеп Жамбыл облысы санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің қыркүйек айының 15 күні №231 бұйрығы шығарылды.

    Осы бұйрыққа байланысты Тараз қаласы мен аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармаларының ұйымдастыруымен мүдделі ведомстволар және қызметтердің (емдеу, алдын – алу мекемелерінің рабиологтер, травматологтар, инфекционистер, ветеринар мамандары, бұхаралық ақпарат құрал өкілдері) қатысуымен жоғарғы және орта оқу орындарының жиналыс залдарында оқу орындарының білімгерлері мен орта білім беру мектептерінің оқушылар арасында «Құтырудан сақтану және алдын алу» тақырыбында акция өткізілді.

    Акция кезінде Республикамызбен облысымыз бойынша адамдармен жануарлар арасындағы құтыру індетінің ахуалдары туралы баяндамалар жасалды. Бүгінгі күні облыстық телеарналардан көрсетіліп жүрген, құтыру індетін алдын алу бойынша бейне көріністер көрсетілді. Акция кезінде әрбір баяндама жасаушылар арасында білімгерлер мен мектеп оқушылары арасынан шыққан өнерпаздар өз репертуарындағы әндерін орындап акцияға қатысушыларға мерекелік көңіл - күй силады.

    Облысымыз бойынша қаламен аудандарда өткізілген 11 акцияға жалпы 2261 білімгерлер мен оқушылар қатысты. Акцияға қатысушыларға құтыру індеті және одан дұрыс сақтану жолдары туралы жазбаша және суреттеліп бейнеленіп толық мәлімет беретін 2575 дана үн парақтар таратылып берілді. Викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, белсенді қатысып, сұраққа дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар берілді.

    Аталмыш, «Адам өмірі баға жетпес байлық» атты акцияға қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмылдырылды, акцияның ұйымдастырылу мақсатын айтып, телеарнаға сұхбат берілді, газет беттерімен әлеуметтік желілерге мақалалар жарияланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары