Алматыда Қазақстан Дипломатиялық күніне орай салтанатты іс-шара өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Алматыда Қазақстан Дипломатиялық күніне орай салтанатты іс-шара өтті

    2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігі Алматы қ. Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызмет күніне орай дипломатиялық қызмет ардагерлері мен Алматы қ. ҚР СІМ өкілдігінің қызметкерлері үшін салтанатты іс-шара өткізді. ҚР СІМ-нің атынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін, елдің көпжақты сыртқы саясатқа бейілділігін және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, қонақтарды мерекемен құттықтады. Іс-шараның құрметті қонақтары дипломатиялық қызмет ардагерлері болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары