
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Назарларыңызға кене шаққан жағдайда әрекет ету бойынша бекітілген пациентті бағыттау алгоритмін ұсынамыз. Инфографикада медициналық ұйымға жүгіну тәртібі, кенеге зертханалық зерттеу жүргізу алгоритмі, сондай-ақ кене энцефалитіне қарсы шұғыл иммунопрофилактика жүргізу көрсетілімдері көрнекі түрде берілген.
Егер денеңізге кене жабысып қалғанын байқасаңыз, медициналық көмекке жүгінуді кейінге қалдырмаңыз. Медициналық ұйымға дер кезінде қаралу және белгіленген алгоритмді сақтау жұқтыру қаупін уақтылы бағалауға, ал көрсетілімдер болған жағдайда қажетті профилактикалық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Денсаулығыңызды сақтаңыз және ұсынылған бағыттау алгоритмімен мұқият танысыңыз.









