«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндет жүктелген тұлғаларға арналған ЖАДЫНАМА

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндет жүктелген тұлғаларға арналған ЖАДЫНАМА

    Кандидаттар мен олардың жұбайлары (бұдан әрі - Кандидат) тіркелгенге дейін кандидатқа ұсыну мерзімі айының бірінші күніндегі жағдай бойынша тұрғылықты (болған) жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады.

    Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер:

    • құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:

    жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен – теңізде" жүзетін кемелер;

    көлік құралдары, арнаулы техника және (немесе) тіркемелер;

    шетелдік банктік шоттардағы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын сомадағы ақша;

    • ҚР-дағы және(немесе)оның шегінен тысқары жердегі мүлік және міндеттемелер:

    тұрғын үй құрылысындағы үлес;

    Қазақстан шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

    бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;

    цифрлық активтер;

    инвестициялық алтын;

    зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

    10 000 АЕК шегінде қолма-қол ақша;

    шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;

    құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (бағалау құны болған кезде);

    мынадай:

    - жеке тұлғалар арасында нотариат куәландырылған шартпен;

    - жеке және заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатындар арасындағы салыстырып тексеру актісімен және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен;

    - заңды күшіне енген сот шешімімен расталған дебиторлық/ кредиторлық берешек.

    Декларацияны толтырар алдында тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындау ұсынылады:

    - декларация тапсырылғанға дейін (15 қыркүйекке дейін) бірлігінің құны 31.12.2025ж. жағдай бойынша 1000 АЕК-тен асатын мүлікті тәуелсіз бағалаушыға (қалауы бойынша) бағалату;

    - нотариустарда қарыз шарттарын (СК 423-бабының 2-тармағы) (банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілуге жатпайды), сондай-ақ олардың аяқталуын (орындалуын) куәландыру.

    МАҢЫЗДЫ!!!

    Декларация толтырылғанға дейін декларациялауға жататын мәліметтердіңанықтығын мынадай сайттарда дербес тексеру қажет:

    1) Бағалы қағаздар бойынша https://sso.kacd.kz;

    2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz/kz/; https://www.gov.kz/services/3910?lang=kk;

    3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;

    4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;

    5) дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарызды нотариат куәландырған шарт) болуы бойынша Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жіберу.

    Егермәліметтердұрыс болмаса, тікелей:

    бағалы қағаздар бойынша – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ;

    үлестік қатысу бойынша – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне;

    авторлық құқық бойынша – ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК;

    сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ 1414»;

    қарыз шарттары бойынша – Республикалық нотариаттық палатаға хабарласуыңыз керек.

    Декларацияны ұсыну тәсілдері:

    • Электронды түрде:

    «Салық төлеуші кабинеті» (СӘИЖ АЖ) Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы https://knp.kgd.gov.kz/signin;

    • Келу тәртібімен қағаз жеткізгіште мынадай тәсілдердің бірімен:

    Мемлекеттік кірістер органдарына;

    Халыққа қызмет көрсету орталығына;

    тапсырыс хатпен пошта арқылы.

    Сұрақтар туындаған кезде 1414 байланыс орталығына немесе тұрғылықты жері бойынша салық органдарына хабарласыңыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" жаңалықтары