КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

    КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

    Ауыл тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты назарда.

    Осыған орай, бүгін округ әкімі аппараты мен учаскелік ветеринариялық пункт мамандарының қатысуымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бағытында ауыл аумағында түсіндірме және зерделеу жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара барысында тұрғындардың мал қораларын қидан, көңнен тазалау, жеке аулаларды қоқыс пен лас қалдықтардан арылту жұмыстарының жай-күйі қаралды.

    Сонымен қатар, тұрғындарға аурудың алдын алу жолдары, сақтық шаралары, қора-жай тазалығы мен залалсыздандыру жұмыстарын уақтылы жүргізудің маңызы түсіндірілді. Арнайы ақпараттық үнпарақтар таратылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақирек ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары