ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    Кеше 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Ақирек ауылдық округіне қарасты Ақбай ауылдық клубында ауыл қарттарына арналған «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

    Кеш барысында ауылдың ардақты қарияларына құрмет көрсетіліп, клуб өнерпаздары әсем әндерімен көңіл-күй сыйлады.

    Ауыл әкімі Қ. Аманжолов ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарға жүрекжарды тілегін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тіледі.

    Ауыл ақсақалы Төребай ата ақ батасын беріп, осындай тағылымды кешті ұйымдастырған ұжымдарға ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.

    Қариясы бар ел – қазыналы ел.Ұрпаққа өнеге болып, елдің берекесін арттырып отырған ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріне әрдайым құрметіміз ерекше!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақирек ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары