Ақирек ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Ақирек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің іс-қимылын, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Ақирек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып Арал аудандық әкімдігі болып табылады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Шешім

    «2026-2028 жылдарға арналған Ақирек ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 482 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «2026-2028 жылдарға арналған Ақирек ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 482 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «2026-2028 жылдарға арналған Ақирек ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 482 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Ақирек ауылдық округінің бюджеті1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 72 265 мың теңге; салықтық түсімдер – 2 263 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 270 мың теңге; трансферттер түсімі – 69 732 мың теңге; 2) шығындар – 72 715 мың теңге; таза бюджеттік кредиттеу – 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0; қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; бюджет тапшылығы (профициті) – - 450 мың теңге; бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 450 мың теңге; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 450 мың теңге. Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов

    Жарияланды: