Тарихи сайлау: Президент Құрылтайға сайлауды 23 тамызға тағайындады

    ·
    Тарихи сайлау: Президент Құрылтайға сайлауды 23 тамызға тағайындады

    смс

    Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. Жарлық мәтіні:

    Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау тағайындау туралы

    2026 жылғы 1 шілде

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

    2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.

    3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, елорда, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

    4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Президент

    Қазақстан Республикасының Қ.Тоқаев

    Астана, Ақорда, 2026 жылғы 1 шілде

    № 1338

    Қызмет бағыттары

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары