АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА ЖАҢА АУЛА ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

    ·
    АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА ЖАҢА АУЛА ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

    Елорда күні қарсаңында Байқоңыр ауданында тағы бір абаттандырылған аула тұрғындар игілігіне берілді. Абай даңғылы, 49 және 51 мекенжайларындағы жалпы аумағы 5 000 шаршы метрді құрайтын аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылды. Аталған аумақта 1 000-нан астам тұрғын мен балалар тұрады. Жоба аясында тұрғындардың жайлы демалысы мен белсенді бос уақытын өткізуіне арналған заманауи кеңістік қалыптастырылды.

    Абаттандыру барысында 2 000 шаршы метрден астам аумаққа асфальт, 1 500 шаршы метр жерге кеспетас төселіп, 1 200 шаршы метр аумаққа қауіпсіз тартан жабыны орнатылды.

    Балалар үшін 2 ойын кешені мен 12 ойын элементі, спорт сүйер тұрғындарға арналған workout алаңы және 7 тренажер қойылды. Сонымен қатар аумақта футбол алаңы салынып, тұрғындардың тынығуына арналған 3 демалыс аймағы жасақталды.

    Жаңа ауланың ашылу салтанаты тұрғындардың қатысуымен аталып өтті. Мереке аясында тұрғындар аулада кең дастархан жайып, дәстүрлі «Аула күнін» ұйымдастырды. Балалар үшін аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Жүргізілген абаттандыру жұмыстары нәтижесінде аула барлық жас санатындағы тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы қоғамдық кеңістікке айналды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары