Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты.

    ·
    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты.

    2026 жылғы 17 маусым күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты.

    Отырыстың күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының тиімділігі және анықталған бұзушылықтарды жою мәселелері қаралды.

    Талқылау барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер көтерілді.

    Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар мен жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын жетілдіру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар қарастырылды.

    Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғау мәселелері тұрақты бақылауда.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары