Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында қатысушыларға еңбек саласындағы мемлекеттік бақылауды реттейтін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негізгі нормалары түсіндірілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының өкілеттіктеріне, жоспардан тыс тексерулерді жүргізудің негіздері мен тәртібіне, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмыс берушілердің құқықтарына, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары беретін нұсқамаларды орындау тәртібіне ерекше назар аударылды.
Осы тақырып бойынша толық бейнетүсіндірмені төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз
https://www.instagram.com/reel/DaR6DqZKZ2Z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA ==









