
30.06.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтан діни бірлестік жетекшілерінің қатысуымен өткен «Конфессияаралық келісім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет»тақырыбындағы ІІ клуб отырысына қатысты.
Жиын барысында алимент төлеудің маңыздылығы мәселесі көтеріліп, осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын халық арасында күшейту қажеттігі атап өтілді. Іс-шараға түрлі конфессия өкілдері қатысып, көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісті.




