Мереке алдындағы қызметтік әдеп талаптары түсіндірілді

    Мереке алдындағы қызметтік әдеп талаптары түсіндірілді

    28.09.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.И. Кунакбаева Департамент ұжымымен мереке алдындағы қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік және еңбек тәртібін сақтау, әдеп нормаларын ұстану, сыртқы келбетке қойылатын талаптар және мерекелік іс-шаралар кезінде өзін-өзі ұстау мәдениеті жөнінде түсіндірілді.

    Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің беделін сақтау және қызметтік әдеп талаптарын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығы атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Әділет департаменті" жаңалықтары