Қызметтік әдеп пен тәртіп талаптары түсіндірілді

    Қызметтік әдеп пен тәртіп талаптары түсіндірілді

    28.09.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінде департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.И. Кунакбаеваның қатысуымен ұжымға қызметтік әдеп талаптарын сақтау және еңбек тәртібін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауы, жұмыс уақытының тәртібін сақтауы, әріптестерімен өзара қарым-қатынаста әдеп нормаларын ұстануы мәселелеріне назар аударылды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар, қызметтік ортаға сәйкес киім үлгісін сақтау, сондай-ақ мерекелік іс-шаралар барысында өзін-өзі ұстау мәдениеті жөнінде түсіндірмелер берілді.

    Іс-шара қорытындысында мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіби және әдеп мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің беделін сақтау және қызметтік әдеп талаптарын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті екені атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Әділет департаменті" жаңалықтары