Нотариат саласындағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті

    Нотариат саласындағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті

    29.09.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жетісу облыстық нотариаттық палатасымен бірлесіп, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

    Дөңгелек үстел барысында нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттерді орындау мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, нотариаттық әрекеттерді жасау кезінде құжаттарды тиісінше рәсімдеу, заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Іс-шара соңында тараптар нотариат саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, заңнамалық талаптарды практикада тиімді іске асыру және көрсетілетін нотариаттық қызметтердің сапасын арттыру бағытында ұсыныстар білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Әділет департаменті" жаңалықтары