Ақтауда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» мерекелік кеші өтеді

    ·

    Ақтауда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» атты мерекелік кеш өтеді, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

    Бұл кеш қазақ халқының қасиетті мұрасы – домбыраның үнін дәріптеуге арналады. Іс-шара барысында ұлттық өнеріміздің інжу-маржандары шырқалып, дәстүрлі музыка мен күй өнерінің әсем үлгілері көрермен назарына ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық рухты асқақтатып, қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үнін бірге тыңдауға шақырамыз.

    Күні: 5 шілде 2026 жыл
    Уақыты: 20:00
    Өтетін орны: 15 шағынаудан, Амфитеатр алаңы.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары