Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының маманы Тлепова Айгерім Эсенбайқызы, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды насихаттауға бағытталған 2026 жылға арналған медиажоспардың 82-тармағының орындалуы аясында «Тіл саясатының іске асырылуы» тақырыбында 104.6 FM «Жолбаян» радиосының «Қоғам тынысы» бағдарламасына тікелей эфирде сұхбат берді.

    ·

    Бағдарлама барысында басқарма маманы өңірде мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге арналған жобалар, мемлекеттік мекемелердегі тілдік ахуал, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берді.

    Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылу аясын кеңейту, азаматтардың тілдік мәдениетін қалыптастыру, қазақ тілінің беделі мен мәртебесін арттыруға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығы айтылды. Радиотыңдармандарға басқарма тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар таныстырылып, мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асырудың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.

    Аталған сұхбаттың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қоғамда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және тұрғындардың тіл мәселесіне қатысты ақпараттандыру деңгейін арттыру.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары