Талдықорған қаласындағы өндіріс орындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынды

    Талдықорған қаласындағы өндіріс орындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынды

    Жетісу облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «ASMA Industrial Ltd» ЖШС-не жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді. Бақылау іс - шаралары барысында кәсіпорынның аса қауіпті нысандары, атап айтқанда: құю цехы, химиялық заттар қоймасы, газ шаруашылығы құрылғылары, сондай-ақ қазандықтар мен қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың жай-күйі тексерілді.

    Аталған жұмыстар өндірістік нысандардағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою - өндірістік қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары