Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 25 қыркүйекте Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар қауымдастығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 30-дан астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері, атап айтқанда – ауданның білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді іске асыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосымша біліммен қамту мәселелері қарастырылды. Қызықтырған барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді. Қорытындысында ауданның ата-аналар қауымдастығы ұсынылған ақпарат үшін алғыстарын білдірді.








