Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша семинар өтті

    ·
    Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша семинар өтті

    Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған медиа-жоспарын орындау аясында 2026 жылғы 26 маусымда «Теміржолсу – Қызыл-Орда» қызметкерлері арасында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен кене энцефалитінің алдын алу, олардың негізгі белгілері, жұғу жолдары және қорғану шаралары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру. Семинар барысында қатысушыларға аурулардың берілу жолдары, қауіп факторлары, алғашқы белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары