Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің шұғыл тапсырмасына сәйкес, «Таза су айдындары» республикалық экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық іс-шара барысында Қасқасу ауылдық округі аумағындағы Сайрам суы мен Қасқасу өзендерінің жағалауларында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, өзен жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, сынған ағаштар жиналды, сондай-ақ заңсыз орналастырылған жарнамалық құрылымдар алынды.
Сенбілікке ауылдық округ тұрғындары,мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және табиғи аумақтардың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Қоршаған ортаны қорғау, су айдындарының тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Төлеби аудандық әкімдігі аудан тұрғындарын табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және осындай экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.