АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! КҮДІКТІ QR-КОДТАР

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! КҮДІКТІ QR-КОДТАР

    АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! КҮДІКТІ QR-КОДТАР

    Қылмыскерлер есірткіге байланысты заңсыз әрекеттерге азаматтарды тарту үшін QR-кодтарды жиі пайдалануда.

    QR-код арқылы сізге мыналар ұсынылуы мүмкін:

    • «Жеңіл табыс» табу үшін курьер болу — шын мәнінде бұл есірткі жасырып кететін адамның жұмысы.
    • Граффити салу үшін ақылы жұмыс — бұл интернет-дүкендердің мекенжайлары мен QR-кодтары көрсетілген есірткі жарнамасын салу.
    • Telegram-арналарға және басқа мессенджерлерге өту — онда есірткінің заңсыз айналымына қатысу ұсынылады.

    Есте сақтаңыз!

    Сізге жоғары табыс пен жасырындық уәде етілсе де, мұндай әрекетке қатысу қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады.

    Граффити және QR-кодтар арқылы есірткі жарнамасын орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

    Сондай-ақ есірткі құралдарын сақтау, тасымалдау және тарату үшін де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Не істеу керек?

    • Күдікті QR-кодтарды сканерлемеңіз.
    • Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз.
    • «Жеңіл табыс» туралы ұсыныстарға келіспеңіз.
    • Күдікті QR-кодтарды немесе есірткі жарнамасын байқасаңыз, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарлаңыз.

    Бір ғана сілтемені ашу сізді қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары