КЕНТТІҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

    ·
    КЕНТТІҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
    Маусым айында аудан әкімі Ардақ Ибраимов кенттегі Ақтерек жер учаскесіне барып, кенттің бас жоспарын кеңейту және инженерлік-инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарады.
    🔹 Қазіргі таңда аталған аумақта электр желілері жүргізіліп, қажетті коммуналдық инфрақұрылым тартылған. Бұл өз кезегінде кент аумағын кезең-кезеңімен дамытуға және жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
    🔹 Аудан әкімі инженерлік желілердің жай-күйін қарап, аумақты одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады.
    🔹 Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына атқарылатын жұмыстардың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстап, инфрақұрылымдық жобаларды жоспарға сай уақытылы жүзеге асыруды тапсырды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары