Кеше аудан әкімі Ерлан Төрәлиев Жалағаш кентінде салынып жатқан жаңа теміржол вокзалын аралап көріп, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылады.
Жобаның бас мердігері – «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС.
Қазіргі таңда ғимараттың ішкі қабырғаларына әрлеу жұмыстары жүргізіліп, нысан аумағы жобаға сәйкес абаттандырылуда. Аудан әкімі құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.
Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды, вокзал аумағын талапқа сай абаттандырып, көркейту жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды.