«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: АУДАН ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

    1 / 6
    30 қазан күні Жалағаш кентіндегі орталық стадионда «Алтын күз – 2026» мерекесі кең көлемде ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Ерлан Төрәлиев, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, қоғам қайраткерлері Қожахмет Баймаханов, Биғали Қаюпов, Өмірбек Шаменов, Жалағаш ауданының Құрметті азаматтары Батырбек Маншарипов, Жанкелді Ысқақ, Әмір Шаймағанбетов, Балжан Шаменова, Садық Мұстафаев, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
    🔷 Мерекеге жиналған меймандар аудан әкімімен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап, шаруашылықтардың жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар, көпшілік назарына ұсынылған ұлттық дәстүрлеріміздің бірі – тұсаукесер рәсімі өткізіліп, арнайы тігілген киіз үйлерде қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
    🔷 Салтанатты жиында аудан әкімі Ерлан Төрәлиев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген озат еңбеккерлер мен сала мамандарын марапаттады.
    🔷 Мерекелік кеш театрландырылған көріністермен, ұлттық билермен және жергілікті өнерпаздардың әсем әндерімен жалғасты. Кеш қонағы, белгілі эстрада әншісі Кенжебек Жанәбілов сахнада танымал әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
    🔷 Шара соңы мерекелік отшашумен қорытындыланды.
    🔹 Айта кетейік, биыл аудан бойынша 41 864 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 16 618 гектарға күріш егіліп, әр гектардан орта есеппен 60,5 центнерден өнім жиналды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жалағаш кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары