Шымкент қаласында Автомобиль көлігі және жол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ардагерлер мен қаланың көлік жүйесін дамытуға, жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және жол саласының өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар мамандарға құрмет көрсетілді. Мерекелік жиында сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен адал еңбегі атап өтіліп, бірқатар маманға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Кәсіби мереке – күнделікті қажырлы еңбегімен қаланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға көрсетілген құрметтің белгісі. Барлық сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








