"Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ

    Басқарма туралы

    "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады, Шымкент қаласының жолдарын салуды, пайдалануды және күтіп ұстауды ұйымдастырады, қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады, қалалық және қала маңындағы қатынастарда көлік құралдарының қала аумағына кіруіне әртүрлі шектеулер енгізу жолымен жол қозғалысын ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу жолымен елді мекендерге көліктік жүктемені төмендету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарын, инженерлік құрылыстардың элементтерін салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хаттама

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты облысаралық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2026 жылғы 13 қарашадағы отырысының Х А Т Т А М А С Ы

    «БЕКІТЕМІН» Конкурстық комиссия төрағасы, _______________Р. Ибрагимов «_____»____________2026 жыл Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты облысаралық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2026 жылғы 13 қарашадағы отырысының Х А Т Т А М А С Ы Қатысқандар: Р. Ибрагимов– комиссия төрағасы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы; Д. Жанзахов– комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары; Н. Ермекбай -Шымкент қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекция бөлімінің инспекторы полиция подполковнигі; Ғ. Майрихов -Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы; Д. Каюпов– «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы; Ә. Жаримбетов– Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы; Б. Байсан –комиссия хатшысы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы. Конкурсқа 3 лотта орналасқан 3 бағыт шығарылды № 1 лот бойынша: «Шымкент – Арыс, Бадам арқылы» ША шағын автобус бағыты (Түркістан облысының тасымалдаушысымен паритеттік негізде)бойынша «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС және жеке кәсіпкер «Шотбаева» өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балдары: «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС – 417 балл ЖК «Шотбаева» – 57 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғарғы балл жинаған қатысушы «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 тармағына сәйкес, № 1 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС танылды. «Шымкент – Арыс, Бадам арқылы» ША шағын автобус бағытына қызмет көрсетуге шарт түзу құқығы «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС-не беру туралы шешім қабылданды. Келісім шарттың мерзімін ұзарту құқығымен 5 жылға түзу ұсынылды. № 2 лот бойынша: «Шымкент-Көксарай» ША шағын автобус (Түркістан облысының тасымалдаушысымен паритеттік негізде) бағытына жарияланған конкурсқа бiрде-бiр қатысушы тіркелмеді. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау»Қағидасының 179 тармағынасәйкес, конкурс өтпеген деп танылды. № 3 лот бойынша: «Шымкент-Көксәйек» ША шағын автобус (Түркістан облысының тасымалдаушысымен паритеттік негізде) бағытына жарияланған конкурсқа бiрде-бiр қатысушы тіркелмеді. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау»Қағидасының 179 тармағынасәйкес, конкурс өтпеген деп танылды. Комиссия мүшелері: Р. Ибрагимов Д. Жанзахов Н. Ермекбай Ғ. Майрихов Д. Каюпов Ә. Жаримбетов Комиссия хатшысы Б. Байсан

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506–6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2026 жылғы 3 қарашадағы отырысының Х А Т Т А М А С Ы

    «БЕКІТЕМІН» Конкурстық комиссияның төрағасы _______________ Р. Ибрагимов «_____»____________2026 жыл Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2026 жылғы 3 қарашадағы отырысының Х А Т Т А М А С Ы Қатысқандар: Р. Ибрагимов– комиссия төрағасы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы; Д. Жанзахов– комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары; Ғ. Майрихов -Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы; Д. Каюпов– «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы; Ә. Жаримбетов– Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы; Б. Байсан –комиссия хатшысы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы. Конкурсқа 3 лотта орналасқан 3 маршрут шығарылды № 1 лот бойынша: № 60 автобус бағытына «Радуга-транспорт» ЖШС және «Т-BUS» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балы: «Радуга-транспорт» ЖШС–492,5 балл «Т-BUS» ЖШС–320 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «Радуга-транспорт» ЖШС-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. Осыған орай, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 1 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп«Радуга-транспорт» ЖШС танылды. Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты 3 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды. № 2 лот бойынша: № 75 автобус бағытына «Shymkent Bus» БК» ЖШС, «Радуга-транспорт» ЖШС және «Т-BUS» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балы: «Shymkent Bus» БК» ЖШС –824 балл «Радуга-транспорт» ЖШС–902,5 балл «Т-BUS» ЖШС–515 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «Радуга-транспорт» ЖШС-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. Осыған орай, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 2 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп«Радуга-транспорт» ЖШС танылды. Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты 5 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды. № 3 лот бойынша: № 104 автобус бағытына «Радуга-транспорт» ЖШС және «Т-BUS» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балы: «Радуга-транспорт» ЖШС–932,5 балл «Т-BUS» ЖШС–580 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «Радуга-транспорт» ЖШС-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. Осыған орай, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 3 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп«Радуга-транспорт» ЖШС танылды. Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты 3 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды. Комиссия мүшелері: Р. Ибрагимов Д. Жанзахов Ғ. Майрихов Д. Каюпов Ә. Жаримбетов Комиссия хатшысы Б. Байсан

    Жарияланды:
    Хаттама

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2026 жылғы 28 қазандағы отырысының Х А Т Т А М А С Ы

    «БЕКІТЕМІН» Конкурстық комиссияның төрағасы _______________ Р. Ибрагимов «_____»____________2026 жыл Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2026 жылғы 28 қазандағы отырысының Х А Т Т А М А С Ы Қатысқандар: Р. Ибрагимов– комиссия төрағасы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы; Д. Жанзахов– комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары; Ғ. Майрихов -Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы; Д. Каюпов– «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы; Ә. Жаримбетов– Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы; Б. Байсан –комиссия хатшысы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы. Конкурсқа 3 лотта орналасқан 3 маршрут шығарылды № 1 лот бойынша: № 141 автобус бағытына «Туркестанская транспортная компания» ЖШС және «АвтоТрансГаз» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балы: «Туркестанская транспортная компания» ЖШС–382,5 балл «АвтоТрансГаз» ЖШС–210 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «Туркестанская транспортная компания» ЖШС-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. Осыған орай, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 1 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп«Туркестанская транспортная компания» ЖШС танылды. Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты3 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды. № 2 лот бойынша: № 147 автобус бағытына «Туркестанская транспортная компания» ЖШС және «АвтоТрансГаз» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балы: «Туркестанская транспортная компания» ЖШС–547,5 балл «АвтоТрансГаз» ЖШС–285 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «Туркестанская транспортная компания» ЖШС-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. Осыған орай, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 2 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп«Туркестанская транспортная компания» ЖШС танылды. Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты3 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды. № 3 лот бойынша: № 148 автобус бағытына «Туркестанская транспортная компания» ЖШС және «АвтоТрансГаз» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балы: «Туркестанская транспортная компания» ЖШС–492,5 балл «АвтоТрансГаз» ЖШС–260 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «Туркестанская транспортная компания» ЖШС-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. Осыған орай, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 3 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп«Туркестанская транспортная компания» ЖШС танылды. Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты3 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды. Комиссия мүшелері: Р. Ибрагимов Д. Жанзахов Ғ. Майрихов Д. Каюпов Ә. Жаримбетов Комиссия хатшысы Б. Байсан

    Жарияланды:
    Хаттама

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2026 жылғы 6 қазандағы отырысының Х А Т Т А М А С Ы

    «БЕКІТЕМІН» Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары _______________ Д. Жанзахов «_____»____________2026 жыл Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2026 жылғы 6 қазандағы отырысының Х А Т Т А М А С Ы Қатысқандар: Д. Жанзахов– комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары; Н. Ермекбай -Шымкент қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекция бөлімінің инспекторы полиция подполковнигі; Ғ. Майрихов -Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы; Д. Каюпов– «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы; Б. Байсан –комиссия хатшысы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы. Комиссия құрамы 4-адам кворум бар. Конкурсқа 6 лотта орналасқан 6 маршрут шығарылды № 1 лот бойынша: № 15 автобус бағытына жарияланған конкурсқа бір ғана («Shymkent Bus» БК» ЖШС) қатысушы тіркелді. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 179 тармағына сәйкес, конкурс өтпеген деп танылды. № 2 лот бойынша: № 17 автобус бағытына жарияланған конкурсқа бір ғана («Shymkent Bus» БК» ЖШС) қатысушы тіркелді. № 17 автобус бағыты бойынша 2026 жылдың 5 маусымдағы өткен Конкурстық комиссияның отырысында бір ғана қатысушы («NomadBus» ЖШС» ЖШС) тіркелуіне байланысты Конкурс өтпеген болып танылған болатын. Аталған № 17 автобус бағыты бойынша қайта ұйымдастырылып отырған конкурста бір ғана қатысушы «Shymkent Bus» БК» ЖШС-нің өтініші ұсынылғандықтан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 5-параграфтың 179-тармағына сәйкес егер бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, жолаушылардың және багаждың маршрутқа қызмет көрсету құқығына Конкурс өтпеген деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізген кезде бұл маршрутқа бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, онда онымен конкурс талаптарына сәйкес болған жағдайда шарт жасалады деп көрсетілген. Конкурсқа қатысушы «Shymkent Bus» БК»-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарындағы автобус маршруттары «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкес еместігі көрсетілген. Осыған орай, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 179 тармағына сәйкес, конкурс өтпеген деп танылды. № 3 лот бойынша: № 52 автобус бағытына жарияланған конкурсқа бір ғана («Shymkent Bus» БК» ЖШС) қатысушы тіркелді. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 179 тармағына сәйкес, конкурс өтпеген деп танылды. № 4 лот бойынша: № 61 автобус бағытына «Shymkent Bus» БК» ЖШС және «ТКЖТК» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балы: «Shymkent Bus» БК» ЖШС – 282 балл «ТКЖТК» ЖШС – 423,2 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «ТКЖТК» ЖШС -не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. Осыған сәйкес, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 4 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «ТКЖТК» ЖШС танылды. Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты 7 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды. № 5 лот бойынша: № 114 автобус бағытына «Туркестанская транспортная компания» ЖШС, «Т-BUS» ЖШС және «Shymkent Bus» БК» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балы: «Туркестанская транспортная компания» ЖШС – 570 балл «Т-BUS» ЖШС – 360 балл «Shymkent Bus» БК» ЖШС – 574 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл алған қатысушы «Shymkent Bus» БК»-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның анықтасы қаралып, конкурстық ұсыныстарындағы автобус маршруттары «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкес еместігі көрсетілген. Осыған орай, екінші жоғарғы балл алған қатысушы «Туркестанская транспортная компания» ЖШС қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 5 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «Туркестанская транспортная компания» ЖШС танылды. Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты 3 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды. № 6 лот бойынша: № 2 автобус бағытына «Shymkent Bus» БК» ЖШС және «ТКЖТК» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиынтық балы: «Shymkent Bus» БК» ЖШС – 262 балл «ТКЖТК» ЖШС – 327,2 балл Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «ТКЖТК» ЖШС -не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. Осыған сәйкес, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 6 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «ТКЖТК» ЖШС танылды. Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты 7 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды. Комиссия мүшелері: Д. Жанзахов Н. Ермекбай Ғ. Майрихов Д. Каюпов Комиссия хатшысы Б. Байсан

    Жарияланды:
    Құжат

    Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

    Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысын, Комиссия төрағасы А.Кәрімов отырысқа 11 комиссия мүшесінен 10 адам , яғни комиссияның жалпы құрамының 3/2 бөлігінің қатысуымен ашты. Шымкент қаласының аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін қайта қарау. «Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» 2016 жылғы 15 сәуірдегі №707 қаулыға сәйкес қаладағы барлық тұрақты маршруттар үшін бірыңғай тариф 2016 жылғы 1 мамырдан бастап 70 теңге болып бекітілген. Содан бері елеулі экономикалық өзгерістер орын алып, халықтың күнкөріс деңгейінің көрсеткіші бірнеше есе артты. Одан бөлек, жанар-жағармай материалдарының құны, қосалқы бөлшектердің бағасы және техникалық қызмет көрсету шығындары айтарлықтай қымбаттады. Алайда, қаламыздағы жол ақысының құны еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда ең төменгі мөлшерде. Қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың нақты шығындарын толық жаппайтыны белгілі. Қоғамдық көлік қызметін одан әрі дамытып, сапалы деңгейде ұйымдастыру үшін тарифті қазіргі экономикалық жағдайға сәйкестендіру қажеттілігі туындауда. Тарифтің көтерілуі тасымалдаушыларға төленетін субсидия көлемі мен бюджетке түсетін жүктемені төмендетеді. «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесі» арқылы жасалған тасымалдаушылардың есептеріне сәйкес қазіргі уақытта ең жоғары тариф 1 916,44 теңгені, орташа тариф 736,21 теңгені, ал ең төменгі тариф 280,99 теңгені құрайды. Бұл ретте, тарифті белгілеу кезінде халықтың әлеуметтік жағдайы, төлем қабілеттілігі және қоғамдық көлік қызметінің халық үшін қолжетімділігін сақтау мәселелері ескерілуі қажет. Осыған байланысты, тасымалдаушылардың шығындарын және халыққа түсетін қаржылық жүктемені барынша ескере отырып қолданыстағы 70 теңге тарифті 2027 жылдан бастап 100 теңгеге көтеру ұсынылды. ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ: «қолдау» – 10, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ Шешім: Шымкент қаласының қоғамдық көлікте қатынау жолақысының тарифін 100 теңге көлемінде бекіту келісілді. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімдерін орындау. «T-BUS» ЖШС, «Радуга транспорт» ЖШС және «Туркестанская транспортная компания» ЖШС тасымалдаушы компанияларының сотқа берген талап арыздары бойынша 2026 жылғы 20 қаңтардағы №1 Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия хаттамасының 1 және 2 тармақтарымен қабылданған шешімдер Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 2 наурыздағы №5294-26-00-4/292, 2026 жылғы 24 сәуірдегі №5294-26-00-4/290 және №5294-26-00-4/289 шешімдерімен заңсыз деп табылып күші жойылды. Басқарманың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмай бірінші сот шешімдері өзгеріссіз қалдырылып, тасымалдаушылардың газ-метан және дизель отындарының бағасына қатысты ұсыныстары сот шешіміндеріне байланысты қайта қаралды. Газ метан бағасын қайта қарау. «KZ» ЖШС, «АГНКС Казахстан» және «Корпорация Аманта» ЖШС газ-метан құю станцияларының 1 м3үшін газ-метан бағасы қайта қаралып 145 теңге етіп бекіту дауысқа салынды. ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ: «қолдау» – 9, «қарсы» – 1, «қалыс» - жоқ Шешім: 1 м3газ-метанның бағасы 145 теңге көлемінде бекітілді. Дизель отынының бағасын қайта қарау. Дизель бағасы қайта қарап 325 теңге көлемінде бекіту дауысқа салынды. ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ: «қолдау» – 8, «қарсы» – 2, «қалыс» - жоқ Шешім: 1 литр дизель бағасы 325 теңге көлемінде бекітілді. Маршруттардың кесте санымен қозғалыс сызбаларының өзгертілуіне байланысты есептерін қайта қарау. Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты және қала тұрғындары тарапынан тұрақты автобус бағыттарының қозғалысына қатысты түскен өтініштерге және «Көлік инфрақұрылымының орталығы» КММ тарапынан жүргізген зерделеу нәтижесінде: - №5 автобус маршрутының кестесі «Құрсай» шағын аудан тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 1 кесте қосу; - №9 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы «Бозарық» шағын ауданында жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты үйлеріне дейін 1,6 км ұзарту; - №12 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Ақжарсай көше бойындағы ТЛЦ аялдамасынан «Coco cola» өндірістік базасына дейін 1,5 км ұзарту; - №18 автобус маршрутының қозғалыс сызбасын «Цитадель» аялдамасы арқылы 1,5 км ұзарту; - №21 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы «Құрсай» шағын ауданында Жаңақұрылыс көшесіне дейін 2,0 км ұзарту; - №25 автобус маршрутының кестесі «Жаңаталап» тұрғын алап тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 1 кесте қосу; - №42 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы «Қайтпас» шағын ауданынан «Тұран» шағын ауданында орналасқан Жас Отау тұрғын үйлеріне дейін 9,7 км ұзарту және қосымша 1 кесте қосу; №51 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Алаш базарынан Қызылжар шағын ауданында Шардара көшесіне дейін 6,1 км ұзарту және қосымша 2 кесте қосу; - №54 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы №72 мектеп арқылы ұйымдастыру; - №65 автобус маршрутының кестесі «Мәртөбе» тұрғын алап тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 1 кесте қосу; - №66 автобус маршрутының қозғалыс сызбасын «Ынтымақ» шағын ауданында Жоласар көшесі арқылы ұйымдастыру; №70 автобус маршрутының кестесі «Қайнарбұлақ» тұрғын алап тұрғындарының өтініштеріне сәйкес демалыс күніне қосымша 2 кесте қосу; №171 автобус маршрутының кестесі «Алтын орда» шағын аудан тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 1 кесте қосу; - №206 шағын автобус маршрутының кестесі «Сайрам» тұрғын алап тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 2 кесте қосу ұсынылды. Маршруттардың кесте санымен қозғалыс сызбаларына өзгеріс енгізу дауысқа салынды. ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ: «қолдау» – 10, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ Шешім: Маршруттардың кесте санымен қозғалыс сызбалардың өзгертілуі бекітілді.

    Жарияланды: