
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын күшейтті.
Талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен бекітілген.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап денсаулық сақтау субъектілері меншік нысанына қарамастан Ресурстарды басқару жүйесіне (РБЖ-2.0) және Ұлттық электрондық денсаулық паспортына қосылған медициналық (зертханалық) цифрлық жүйені белгілеуге тиіс.
Елімізде денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес келетін 33 медициналық және 17 зертханалық цифрлық жүйелерді жеткізушілер тіркелген. Медициналық және зертханалық цифрлық жүйелерді жеткізушілердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында сілтеме бойынша орналыстырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/196758?lang=ru&ysclid=mq9eiki56f634161171.
РБЖ-2.0-де субъектіні техникалық қолдау мен сүйемелдеуді Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы жүзеге асырады, өңірлерде субъект «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарына жүгіне алады.
Халыққа медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне мыналардың болуы қажет екенін атап өтеміз:
1) санитариялық қағидаларға сәйкес келетін үй-жайлар .
Лицензияны (оған қосымшаны) алғанға дейін субъект санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға тиіс.
2) мамандар:
- тиісті мамандық бойынша маман сертификаты бар,
- мәлімделген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 (бес) жылда біліктілікті арттыру.
3) өтініш берілген берілген бейін бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес жұмыс істейтін медициналық жабдықтар, мүкәммал/жиһаз және басқа да құралдар.
4) Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген жеткізушілер жеткізетін медициналық цифрлық жүйе.
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензиар органдар болып табылады.
Лицензиар орган рұқсат беру бақылауы барысында (лицензия немесе оған қосымша берілгенге дейін) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеретін болады. Субъект барлық құжаттардың түпнұсқаларын, соның ішінде медициналық цифрлық жүйені жеткізушімен жасалған шартты ұсынуы және оның жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, субъектіде медициналық цифрлық жүйенің болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарын тексеру барысында тексеру жоспарлануда.







