«Таза Қазақстан» акциясы аясында Форт-Шевченкода рейдтік іс-шаралар өткізілді

    ·
    «Таза Қазақстан» акциясы аясында Форт-Шевченкода рейдтік іс-шаралар өткізілді

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2026 жылғы 18–28 маусым аралығында «Тазалық – тәртіптің бастауы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шара шеңберінде Форт-Шевченко қаласының аумағында санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.

    Рейд барысында белгіленбеген орынға қоқыс төгу дерегі анықталып, құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, тұрғындарға абаттандыру қағидаларын сақтау, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету және тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға шығару қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Полиция қызметкерлері өңір тұрғындарын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және туған өлкенің тазалығын бірлесіп сақтауға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары