Әділет департаментінің қызметкерлері дәріс өткізді

    Әділет департаментінің қызметкерлері дәріс өткізді

    24.06.2026 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаменті «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Ақтау қаласындағы Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназияның жазғы лагерінде демалушы балаларға «Кәмелетке толмағандардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» және «Буллингтің алдын алу» тақырыптарында дәріс өткізді.

    Іс-шараға Әділет департаментінің бөлім басшылары, Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері және заң қауымдастығының өкілдері қатысты.

    Кездесудің мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

    Дәріс барысында балалар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары