«Таза Қазақстан»: қарағандылықтар аулалары мен кіреберістерін көркейтуде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Таза Қазақстан»: қарағандылықтар аулалары мен кіреберістерін көркейтуде

    Қарағанды облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» идеясын белсенді қолдап, тазалық пен абаттандыруды біреуден күтпей, өздері қолға алып келеді. Бірі аулаларын көгалдандырып, спорт алаңдарын салса, енді бірі кіреберістерін нағыз көркемсурет галереясына айналдырған. Облыста Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған байқаудың қорытындысы бойынша үздік аулалар мен кіреберістер анықталды.

    «Таза Қазақстан»: қарағандылықтар аулалары мен кіреберістерін көркейтуде

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында қала тұрғындарымен бірге ауылдық жерлердегі белсенді азаматтар да бар. «Үздік аула» байқауында Шет ауданының Ағадыр кентінің тұрғындары бірінші орынға ие болды.

    «Таза Қазақстан»: қарағандылықтар аулалары мен кіреберістерін көркейтуде

    Алты үш қабатты үйді біріктіретін бұл ауланың орнында бұрын бос жатқан жер болған. Қазір мұнда ағаштар мен гүлдер өсіп, балаларға шағын футбол алаңы салынған. Оны тұрғындар бір миллион теңге жинап, өз күшімен тұрғызған. Бірлескен еңбектің тағы бір нәтижесі — 12 бейнебақылау камерасының орнатылуы және қоқыс контейнерлеріне арналған алаңның абаттандырылуы.

    — Әр үй өз аумағын өз күшімен абаттандырып, көгалдандырады. Сенбіліктер өткіземіз. Ауладағы балалар алаңын әкімдік салып берді. Әткеншектер немесе басқа да жабдықтар сынып қалса, көмек күтпей, өзіміз жөндейміз. Ал балалар спортпен айналысуы үшін шағын футбол алаңын да өз күшімізбен салуды ұйғардық. Тіпті балалар алаңында кезекшілік ұйымдастырылған. Ересектер балалармен бірге тәртіпті қадағалайды. Мереке күндері де бәріміз бірге бас қосамыз. Осындай игі дәстүрлер тұрғындарды біріктіріп, ынтымағымызды нығайта түседі, — дейді қоғам белсендісі Несіпкүл Есжанова.

    «Таза Қазақстан»: қарағандылықтар аулалары мен кіреберістерін көркейтуде

    «Үздік аула» байқауында үшінші орын Осакаров ауданының Пионерское ауылының тұрғындарына бұйырды. Бірнеше жыл бұрын мұндағы учаскелердің бірінде ескі құрылысы мен қураған шөбі бар қараусыз қалған аумақ болған. Қазір бұл жер балалардың сүйікті алаңына айналған.

    «Таза Қазақстан»: қарағандылықтар аулалары мен кіреберістерін көркейтуде

    Көршілер аумақты тазалап, қоршау орнатып, алаңға бетон төсеген және бейнебақылау камерасын қойған. Сонымен қатар карусельдер, түрлі-түсті мүсіндер мен кедергілер жолағын өз қолдарымен жасаған.

    «Таза Қазақстан»: қарағандылықтар аулалары мен кіреберістерін көркейтуде

    — Біз бұл алаңды жеңіске жету үшін жасаған жоқпыз. Қарапайым адамдар да өздері тұратын жерді өзгерте алатынын көрсеткіміз келді. Ауылымыздың балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз болғанын қалаймыз. Бізге қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамыз. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, ауылымызды одан әрі көркейте береміз, — дейді Пионерское ауылының тұрғыны Оксана Сусликова.

    «Таза Қазақстан»: қарағандылықтар аулалары мен кіреберістерін көркейтуде

    Балқаш қаласында да өзіндік ерекшелігі бар жүлдегер анықталды. «Үздік кіреберіс» байқауында екінші орын жергілікті комбинаттың бұрынғы шебері Юрий Воробьевке берілді. Ол өзі тұратын үйдің кіреберісін нағыз галереяға айналдырған.

    «Таза Қазақстан»: қарағандылықтар аулалары мен кіреберістерін көркейтуде

    Мұндағы қабырғалар кәдімгі суреттермен емес, пластик қақпақтардан жасалған мозаикалық картиналармен безендірілген. Бұл орын бүгінде қаланың көрікті нысандарының біріне айналып, мұнда суретке түсуге келетіндер көбейген.

    Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарында Саран, Қарағанды және Шахтинск қалаларының тұрғындары да бар. Сонымен қатар Теміртау мен Балқаш қаласының тұрғындары ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары