
✅ Еңбек заңнамасы талаптарын орындау, оның ішінде қауіпсіздік техникасын сақтау мәселесі бойынша 29 маусым күні Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы «BNK Group» ЖШС өндірістік филиалы ұжымымен кездесу өткізді.
♻️ Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сүт өндірісімен айналысатын кәсіпорынның қызметімен танысып, танысып, еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.









