"Ұлытау облысы мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы"·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 11 маусымда Ұлытау облысының аумақтық қорғанысын даярлау аясында облыс әкімінің әскери қауіпсіздік, қорғаныс және жұмылдыру жұмыстары жөніндегі көмекшісі М.К. Қайшатаевтың төрағалығымен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы өткізілді.
Жаттығу барысында әскери міндеттілерді хабардар ету, жинау және қабылдау, мемлекеттік органдар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ жұмылдыру дайындығын арттыру мәселелері пысықталды.





