Жетісу облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен жүргізген жұмыс нәтижесінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы мен инвесторлар арасындағы шарттарда заңбұзушылықтар анықталды. Соның салдарынан 11 инвестор 10 млн теңгеден астам мөлшерде артық шығынға ұшыраған.
Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және бизнес құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Жүргізілген талдау нәтижесінде аталған АЭА аумағын және ортақ пайдаланылатын нысандарды басқару, қызмет көрсету және күтіп-ұстау жөніндегі шарттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Атап айтқанда, шарттарда Азаматтық кодекс нормаларына қайшы келетін ережелер, сондай-ақ басқарушы компанияның қызметтері үшін комиссияны (сыйақыны) есептеу және төлеу тәртібін қолдануда бұзушылықтар болған. Кейбір талаптар заңда көзделген жеңілдіктердің қолданылмауына әкелген.
Нәтижесінде 11 инвестор комиссия төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдаланбаған, осыған байланысты артық төленген сома 10 млн теңгеден асқан.
Аталған фактілер бойынша Жетісу облысының прокуратурасы басқарушы компанияның атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізді. Оны қарау қорытындысы бойынша қайта есептеу жүргізіліп, артық төленген қаражатты қайтару арқылы инвесторлардың құқықтары қалпына келтірілді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасады, ал инвестициялық саладағы заң бұзушылықтар жедел түрде тоқтатылатын болады.
Жетісу облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (771) 131-04-44 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
11 инвестор және 10 млн теңгеден астам: «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да прокуратура заңбұзушылықтарды анықтады
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 2 қазан күні тұрақты оқырмандармен қазақ балалар киносының негізін қалаушылардың бірі, кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевқа 100 жыл толуына орай «Қазақфильмнің қара баласы» атты әдеби сағат өтті.
Ашу
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстарына салық салу
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада ағаш отырғызылды
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
2026 жылы 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Көктерек ауылдық округінің Мәдениет үйінде ауылымыздың ардақты қарттарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті.
Ашу
Rakuten Sports, Astana Tourism Development Centre и Almaty Tourism Bureau объединят усилия для развития спортивного туризма в Казахстане
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары

Азамат Дүйсембеков Орталық Азия заң форумында инвесторларды қорғаудың жаңа тетіктерін таныстырды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуАлматы прокуроры Серік Кәріпбеков индустриялдық аймақ инвесторларымен кездесті
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуЖамбыл облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестор үшін 3 жер учаскесіне қатысты шарт жасалды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мектептер мен балабақша құрылысы жобаларын іске асырып жатқан инвестордың мәселелерін жұмысқа алды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Комитетте Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу